13.12.2021, 13:02
Оқылды: 58

«Ақбөкен»: Заңсыз аң аулаудың 109 фактісі тіркелді

Қазақстан аумағында «Ақбөкен» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

38

«1 желтоқсаннан бастап еліміздің аумағында «Ақбөкен« республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты - табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу. Киіктерді браконьерлік жолмен аулап, олардың өнімдерін және жануарлардың басқа да түрлерін өткізумен, сатып алумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметінің жолын кесуге ерекше назар аударылады», - деді Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Оның атап өтуінше, полиция және Экология министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен табиғатты қорғау органдарының қызметкерлерінен 203 жедел топ құрылды. Операция барысында аңшылық шаруашылықтары, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің аумақтары, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тексеріледі.

«Операцияның 10 күнінде 124 экологиялық заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 109-ы - заңсыз аң аулау, 21-і - мүйіздерді заңсыз сатып алу немесе өткізу, киіктердің өнімдерін тасымалдау, 7-еуі аңшылық қаруды алып жүру және тасымалдау ережелерін бұзу бойынша тіркелді. Сондай-ақ 112 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ресми өкіл.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале