13.12.2021, 15:00
Оқылды: 62

Бақытгүл Хаменова үйқамаққа алынды

Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

CE96EC6E-C214-4DE2-AAA9-3705757E4AF2

Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Хаменеваға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарады.

"Тергеу судьясы күдікті жалғыз басты әйел, Атырау қаласында тұрақты мекенжайы барын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, жалтармағандығын, бұрын сотты болмағанын, жалғыз өзі екі жас баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының бар екенін назарға алып, процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажет екені туралы қорытындыға келді", - делінген хабарламада.

Оған тиесілі мүлікті сату, тұрғылықты жері мен елден шығу мақсатында жол жүру билеттерін сатып алу және сол сияқты расталған деректер келтірілмеген.

Бұдан басқа, қылмыстық қудалау органы сотқа күдіктінің өз бетінше не сенім білдірген адамдары арқылы бостандықта қалып, қылмыстық процеске қатысушыларға қысым көрсету арқылы істі толық және объектив тергеп-тексеруге және оны сотта талқылауға кедергі келтіруі мүмкін екенін, сондай-ақ тергеуден және соттан жасырынуы мүмкін екенін растайтын дәлелдемелер ұсынбаған.

Бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталуына қатысты істің мән-жайы айтылған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале