Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен "Құрмет" орденіне ие болды.
Орденді облыс орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен салтанатты жиында Президенттің өңірдегі өкілі - Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев тапсырды.
"Құрмет ордені" - ҚР мемлекеттік марапаты. Ол әдетте экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға сіңірген, мемлекеттік органдарда үлгілі қызмет қылған, белсенді қоғамдық жұмыспен айналысқан қайраткер азаматтарға беріледі.
Төлеген Төреғалиевтің Сырым ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуына қосқан үлесі зор. Ол Тәуелсіздіктің елең-алаңында жеке тәжірибесінде өңірде алғашқылардың бірі болып мемлекеттен дербес шаруашылықтардың жұмысын жолға қойды.
Ғасырлық жобаға баланған Жымпитыға Кеңащы су-кен орынынан ауыз су құбырын тарту жобасы - Төлеген Төреғалиевтің мемлекеттік қызметтегі айқын қолтаңбасы.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Сурет: БҚО әкімдерінің баспасөз қызметінен