15.12.2021, 9:50
Оқылды: 83

Қол күресінен турнир өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Алтын шуақ» ҚБ жетекшісі С.Ашықбаевтың бастамасымен қол күресінен жарыс өтті. Спорттық шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғаммен араластырып, салауатты өмір салтын насихаттау.

4

Жарысқа ауылдық округтерден тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру және есту қабілеті төмен алты адам қатысты. Оларға Теректі спорт кешені қызметкері Ө.Мүбарак төрелік етті.

6

 

Жарыс нәтежиесінде тірек-қимыл аппараты зақымданған жандар арасынан жүлделі бірінші орынды С.Айтханов (Шағатай а.о), екінші орын А.Қабекенов (Жайық ауылы ), үшінші орынды ақсуаттық Ә.Айтқалиев иеленді.

7

Көру және есту  қабілеті төмен жандар арасынан И.Бекетов (Федоровка а.о) бірінші орынды, Ж.Ғалиев (Федоровка а.о)  екінші орынды, ал үшінші орынды А.Хамидуллиев (Ақсуат а.о) қанжығасына байлады.

8

Барлық қатысушыларға алғысхат пен  бағалы сыйлықтар табысталды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале