15.12.2021, 13:00
Оқылды: 122

Отбасылық денсаулық орталығы ашылды

Кеше Орал қаласындағы №20 ЖОББМ аялдамасы маңында қалалық №6 емхананың отбасылық денсаулық орталығы ашылды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілген №5 денсаулық орталығына сол ауданның 12 мыңнан астам тұрғыны тіркелген. Нысанның ашылу салтанатына Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков пен медицина қызметкерлері және Зашаған кентінің тұрғындары қатысты.

3DD91AA4-9EC9-4A24-8D4F-55A86406E043

-Құрметті, жерлестер, сіздерді ұлы мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Мереке қарсаңында ел азаматтары түрлі марапаттарға ие болып, бірқатар нысандар тұрғындар игілігіне пайдаланылуға берілуде. Бүгін, міне, шаһардағы ең үлкен шағынаудандардың бірі Зашағанда отбасылық денсаулық орталығы ашылды. Бұл орталық тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетпек. Өздеріңіз білесіздер, бүгінде қаладағы емханалардың жүктемесі өте көп. Әсіресе Зашаған кентінде орналасқан №6 емханаға тіркелген тұрғындар саны едәуір артып, 72500 жеткен. Бұл орталықтың ашылуы арқылы емделушілердің дәрігерге деген кезегі азайып, тұрғындар тұрғылықты мекенжайы бойынша үйінің қасындағы емханаға бара алады. Орал қаласы әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы осындай медициналық орталықтарды әр шағынауданда ашуға мүдделі. Мақсатымыз – тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетіп, оның қолжетімділігін қамтамасыз ету. Дәрігерлердің қызметіне сәттілік тілеп, алдарыңызға тұрғындар тек профилактикалық тексерілуге келсін,- деді шаһар басшысы Абат Абайұлы.

2469652D-2381-4903-9E49-05D9A03BD922

Орал қалалық №6 емхананың директоры Жұмабек Шайхиевтің айтуынша, аталмыш емхана әу баста тәулігіне 250 науқасты қабылдауға есептелген. Алайда зашағандықтардың қатары артуына байланысты дәрігерлердің қабылдауына күніне 1000 астам тұрғын келеді екен. Жаңадан ашылған орбасылық денсаулық орталығының ғимараты бұрын «Апельсин» кафесі болған. Содан қалалық №6 емхана «НС проект» ЖШС-мен келісімшартқа отырып, ғимаратты ұзақ мерзімге жалға алған. Ғимараттың іші толықтай заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Орталықта емделушілер қан-нәжіс талдамаларын тапсырып, дәрігердің ем-домын ала алады. Физио ем қабылдауға да мүмкіндік бар. Созылмалы сырқаттар, әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша тегін дәрі-дәрмектер де беріледі. Болашақта бұл медициналық орталықта күндізгі стационар бөлімі ашылмақ.  

6C2029A9-E46E-4CF7-8CB3-D5F2A1525272

F8D79DF7-0F30-47E2-B42F-2852C3BD9FEF

A817AF00-0AFB-4407-A5B4-25C0A164391B

0F64E6C5-D6E6-4E01-8DBB-5A5B5770CEAB

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале