Қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай дәстүрге сай аудандық мәдениет үйінде Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиевтің қатысуымен салтанатты мерекелік шара өтті.
Сырымдағы Тәуелсіздік тойына арнайы келген Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Берік Батев аудан халқын құттықтап, «Ерен еңбегі үшін» және «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, «Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен», Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің алғысхатымен бірқатар сала үздіктерін марапаттады.
Одан бөлек, аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы жерлестерін мерекемен құттықтап, «Сырым ауданының Құрметті азаматы» атағын ауыл шаруашылығы саласының ардагері Тілекқали Ергаринге, денсаулық сақтау саласының ардагері, қазіргі уақытта осы салада еңбек етіп жүрген Роза Есенғалиеваға, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, қауымдастырылған профессоры, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Зейнолла Мүтиевке, білім беру саласының ардагері Гүлшат Сәлімгерееваға, байланыс саласының ардагері, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сыдық Тәжмұқанға, мәдениет саласының ардагері Сара Танабаеваға, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі, ардагер журналист Энгельс Шыңғалиға табыс етті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне арналған салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz