Теректі аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы тойланды. «Тәуелсіздік — байрағым» атты салтанатты жиынға БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, аудан әкімі Тілек Ғабдушев қатысты.
Шара барысында сөз алған Бақытжан Хаберұлы жалпақ жұртшылықты мерекемен құттықтады. Сондай-ақ аудан басшысы Т.Александрұлы егемендік алған жылдары атқарылған бірегей жобаларға тоқталды. Елдің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады. Айталық, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Құрмет» грамотасымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Л. Сердалиева марапатталды.
Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары А.Тугузбаев, «Жігер» коворкинг орталығы кітапханашысы О.Алейник, Аңқаты а.о. ветеринарлық пункт меңгерушісі Н.Арыстанов, «Айсұлу» ш.қ ветеринары Қ.Ізбасарова, Ақсоғым а.о әкімі аппаратының бас маманы А.Ахметов, «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Р.Аяшова, Теректі аудандық ветеринариялық станция дәрігері Н.Байбұлов, Приречное а.о әкімі аппаратының бас маманы Р.Байғазиева, «Жұлдыз» бөбекжайының директоры Л.Бекішева, «Шарақап» ш.қ басшысы А.Жанназаров, еңбек ардагері И.Каримова, Ақжайық ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Қ.Кәкіжанов, Шалқар а.о ақсақалдар кеңесі төрағасы Е.Қонқашев, Богданов а.о ветеринарлық станциясының меңгерушісі Н.Костюк, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ә.Лұқпанова, еңбек ардагері В.Макеев, «Мадиев»ш.қ бригадирі К.Нұрышев, Подстепный №1 ЖОББМ мұғалімі Р.Пасмурцева, еңбек ардагері М.Плетеная, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Р.Ракова, «Қазақавтожол» ЖШС БҚО филиалының жол жұмысшысы С.Сұлтанов, «Қазақтелеком» АҚ аудандық бөлімше электромонтеры К.Химеденова, қоғамдық кеңес төрағасы М.Төлегеновтердің кеудесіне «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» атты мерекелік медаль тақты.
Белсенді депутаттық қызметі және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін ҚР Сенатының «Құрмет» грамотасы мен алғысхатына М.Жұмашев пен А.Бөкенбаевтар ие болды.
Ал «Nur Otan» партиясының «Құрмет» грамотасы Ж.Лекероваға табысталса, Р.Болатованың кеудесіне «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісі тағылды.
БҚО әкімінің «Құрмет» грамотасы Д.Бердников, Ш.Какижанва, А.Қанатоваларға ұсынылды. Сондай-ақ облыс әкімі Ғали Есқалиевтың атынан «Мұра-кен» аграрлық кешен бригадирі Е.Кенжалиев, аудандық білім бөлімі ардагері Г.Креймер, аудандық аурухана басшысы З.Мағзомовтарға алғысхат табысталды. «Мұқас» ш.қ басшысы Н.Боранбаев пен аудандық мемлекеттік кірістерді басқару бөлімінің бас маманы Г.Зайкина облыс әкімінің бірінші орынбасары атынан алғысқа кенелді.
Марапаттау рәсімі одан әрі мерекелік кешке ұласты. Мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен «Қазақстан», «Сильные люди», «Сәлем саған туған ел», «Мәңгілік ел қазақ елі» сынды әндер шырқалып, үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі «Тарих рухы», «Қазақ биі» атты өнерлерімен кеш көркін қыздырды.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz