15.12.2021, 22:43
Оқылды: 42

Ордалы елге отыз жыл: суретшілер байқауы өз мәресіне жетті

Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  өткен «Ордалы елге 30 жыл» атты суретшілер байқауы қорытындыланды. Аудан басшысы Тілек Ғабдушевтың қатысуымен өткен жиынға 12 суретші өз жұмыстарын ұсынды.Қылқалам иелерінің туындылары аудандық көрмеге қойылды.

28F044EA-0BC6-4F71-9EC2-EF42C57CE449

Жарыс нәтежиесінде жүлделі бірінші орынды А.Қосжан (100 000 тг), екінші орын  В.Сагубаева (70 000тг) ұтып алса, үздік үштікте М.Байболатова (50 000тг) көрінді.

Барлық қатысушыларға алғысхат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

 Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале