"Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының ұйымдастыруымен 40 жастан асқан ересектер арасында волейболдан жарыс өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен бұл доп додасында Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Исатай Құрмашев, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева, Сайқын ауылдық округінің әкімі Нұргүл Омарова және жарысқа демеушілік жасаған аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Бибігүл Жұмағұлова да спортсүйер қауымға ізгі ниеттерін білдірді.
Дода тартысты өтті. Қатысқан төрт команда ойыншылары осал еместігін байқатты. Жақсы ойын өрнегін көрсеткен Ерболат Таңатов «Үздік ұйымдастырушы», Жақсылық Байбеков «Үздік ойыншы», Нұрлыбек Бисенбаев «Үздік шабуылшы» деп танылды. Жанкүйерлерін желпіндірген додада жүлделі І орын және демеуші депутат тіккен 30 мың теңге ақшалай сый «Бисен» құрама командасына бұйырды. ІІ жүлде мен 25 мың теңге «Аудан әкімдігінің» құрамасына, ІІІ орын және 20 мың теңге «М. Мәметова» командасының еншісінде кетті. Ал ІV орынға табан тіреген «М-С.Бабажанов» командасы 10 мыңтеңге ынталандыру сыйлығына ие болды.
Р.Аппақова,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz