Сырым ауданы орталығындағы жеке кәсіпкер Алмагүл Жанғожиева түрлі мәдени шараларға демеушілік етуімен қатар аудандық "Сырым елі" газетінің де тұрақты оқырманы, қолдаушысы.
Кәсіпкерлік салада өзінің кішіпейілділігі, ізденгіштігі, көппен өзара тіл табыса білуімен құрметке бөленіп жүрген Алмагүл Муваракқызы өз қаражаты есебінен он оқырманды "Сырым елі" газетіне алдағы жылдың 6 айлығына жаздырды.
Кәсіпкер Алмагүл Жанғожиеваның өнегелі ісі өзгелерге де үлгі болса игі.
"Сырым елі"