Тынық мұхитында "Жұмақ" тайфуны мінез көрсетіп, Филиппин жағалауын сыпырып кетті.
Rg.ru мәліметінше, келіп түсіп жатқан ақпараттар нақты деректер емес, өйткені табиғи апаттың салдарынан байланысқа қатысты проблемалар туындаған.
Бұған дейін 33 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат жарияланған болатын.
Гонконг метеорологиялық обсерваториясының мәліметі бойынша, "Жұмақ" – осы маусымда төбе көрсеткен 22-ші тайфун. Ол Тынық мұхитының батыс бөлігінен пайда болды. Жексенбі күні түстен кейін табиғи апаттың ошағы Вьетнамның Биндин провинциясындағы сулы аймаққа жетеді деп болжанады.
Дереккөз: zakon.kz