19.12.2021, 16:00
Оқылды: 52

Қырыққабат қан қысымының алдын алады - ғалым

Жапон ғалымдары гипертонияның қарқын алуына жол бермейтін және сүйектерді нығайтатын ең арзан көкөністі анықтайтын зерттеу жүргізді.

F886B307-B985-4053-89E1-E021FC740C87

Rg.ru мәліметінше, қырыққабатта фосфор, магний, калий дәрумендері бар, ал беткі қабаттағы жапырақтарында бета-каротин көп, ол ағзада көздің қабілетін жақсартатын, шырышты қабықтардың, ішкі ағзалардың саулығына әсер ететін, суықтың алдын алуда қажетті А дәруменіне айналады. Фолий қышқылы қызыл қан клеткаларының өніп шығуына, жасушалардың бөлінісіне қажет.

U дәрумені, әсіресе маңызды ағза – ішек пен асқазанның қалыпты жұмысы үшін қажет. Ал К витаминінің коагуляциялық қасиеті бар, ол қан кетуді тоқтатуға көмектеседі. Кальцийдің бай мөлшері сүйектер мен тістерді қатайтуға ықпал етеді.

Қырыққабат антидепрессант болып шықты: оның психикалық қозуды басатын қасиеттері бар.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігер тағайындайтын рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір дәрі-дәрмек немесе дәрілік сипаттағы өнімді қабылдамас бұрын маманнан кеңес алуды сұраймыз.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале