
"ForteBank" АҚ үшін бұл рейтингтер бойынша 2021 жылдағы алғашқы оң өзгеріс емес. 2021 жылдың қыркүйек айында S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі "ForteBank" АҚ-ның рейтингтер бойынша болжамын "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" дейін жақсартты, ұлттық шкала бойынша рейтингін "kzBBB"-ден "kzBBB+"-ке дейін көтерді және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін "B +/B" деңгейінде растады. Fitch Ratings агенттігі өз кезегінде банктің ұзақ мерзімді рейтингін "B"-ден "B+"-ке дейін көтеріп, болжамды "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" дейін жақсартты.
Moody's сарапшыларының пікірінше, рейтингілік әрекет ағымдағы жылдың басынан бері проблемалық кредиттердің күрт азаюынан кейін Банк активтері бойыншатәуекелге қатысты белгісіздіктің айтарлықтай төмендеуін көрсетеді. Рейтингілік әрекет сонымен қатар Банк табысы сапасының жақсарғанын және Forte бизнес профилінің нығайғанын көрсетеді.
ForteBank Қазақстандағы ең ірі бес банктің қатарына кіреді және еліміздегі ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталы бар банктердің бірі болып табылады. Банктің 20 филиалы және 100-ге жуық бөлімшесі бар. Банк бірнеше рет жетекші халықаралық баспалардың марапаттарына ие болды. Осылайша, соңғы 12 айда ForteBank Euromoney, Asiamoney және Global Finance пікірі бойынша Қазақстандағы ең үздік банк болып танылды.