20.12.2021, 14:30
Оқылды: 9

Зияткерлік сайыс өтті

Таяуда облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және Қазақстан волонтерлар лигасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында облыстық «Білімділер бәйгесі» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Сайысқа облысымыздың бес ауданынан, атап айтсақ Бәйтерек ауданынан «Дариян» тобы, Бөкей ордасы ауданынан «Орда» тобы, Қаратөбе ауданынан «Болашақ» тобы, Казталов ауданынан «КМЛ» тобы және Бөрлі ауданынан «Жас толқындар» топтары қатысып, өзара бақ сынады.

2

Зияткерлік сайыс үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең «Бәйге» топ басшыларына арналды. Бұл шапшаңдықты талап ететін сайыс болды. Түрлі тақырыптағы сұрақтар қойылып, нәтижесінде шапшаңдығымен, ұтқырлығымен «Жас толқындар» тобының топ басшысы 6 ұпаймен озып шықты. Келесі кезең «Жорғада» әр топқа үш логикалық сұрақтан беріліп, әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланды. Оқушылар өз танымдарын күшейтіп, логикаларын іске қосты. Осы сайыс барысында әр топтың ұйымшылдығы көрінді. Бұл сайыста «КМЛ» тобы ең жоғары нәтиже көрсетіп, қоржынына 30 ұпай түсірді. Ендігі шешуші кезең «Дода» деп аталды. Бұл кезеңде интерактивті тақтада берілген ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап беру. Бұл кезеңде де дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланды. Командалардың білім дәрежелері осы сайыс арқылы көрінді.

7

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Қаратөбе ауданы «Болашақ» тобы (97 ұпай), ІІ орынды Бәйтерек ауданы «Дариян» тобы (76 ұпай), ІІІ орын Бөкей ордасы ауданы «Орда» тобы (68 ұпай) қанжығаларына байлады. Казталов ауданы «КМЛ» тобы және Бөрлі ауданы «Жас толқындар» топтары алғысхаттармен марапатталды. Сайысқа қатысушы топтарға қаржылай сертификаттар табысталды.

8

Ақыл ой мен жүйріктікке баулыған сайыс оқушылардың танымдық деңгейін аврттырып, білімдерін сарапқа салды.

С.Елеусин,

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық

орталығы ақпарттық талдау бөлімінің

маманы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале