21.12.2021, 14:50
Оқылды: 35

Вьетнамда коронавируспен байланысты жағдай нашарлай түсті

Жаңажылдық мерекелер мен туристік маусымның қызған уақытында Вьетнамда коронавируспен байланысты эпидахуал нашарлай түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына Telegram каналына сілтеме жасап.

200313154229771e

Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясының 16 110 жағдайы тіркелді. Оның 17-сі шетелден тасымалданған. Індет жұқтырғандардың ең көп саны ірі қалаларда анықталды: Ханой астанасында – 1 405, Камауда - 1 345, Хошиминде - 1 014 жағдай. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше елдегі инфекциялардың жалпы саны 1 540 478 -ге жетті, ал қайтыс болғандар саны 29 566 адамды құрады.

Ведомство Вьетнамның 99 миллионнан астам тұрғынының 62 миллионы КВИ вакцинациясының екі компонентімен егілгенін хабарлады. Неміс ғалымдары мутацияланған коронавирус штамының таралуы туралы көңіл көншітпейтін болжам жасады. Фрейбург университеті клиникасының иммунологы Кристоф Нойман-Хефелин «омикрон» өте жұқпалы, сондықтан күніне жүздеген мың адам шалдығуы мүмкін дейді. Қаңтар айының ортасында Ұлыбританиядағы жағдайға қарағанда бұл штамм Германияда басым болуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, халықтың белсенділігі мен әлеуметтік байланыстарды едәуір азайту қажет. Сондай-ақ инфекцияның ауыр зардаптарынан құтылу үшін вакцинация алу ұсынылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале