20.12.2021, 17:00
Оқылды: 18

Теректілік өрендер жарап тұр

Облыс орталығында республикалық “Ұлтын сүйген ұланбыз” шығармашылық байқауы өтті. “Атадан мұра” қоғамдық қоры ұйымдастырған байқауға теректілік өрендер де қатысып, бақтарын сынады.

FB_IMG_1639981272121

Нәтиже өте жақсы деуге толық негіз бар. Мысалы, байқаудың 3-5 жас аралығындағы үміткерлер арасында “Вокал” номинациясы бойынша Томирис Ғарифулла бас жүлдені еншілеп, аталмыш байқаудың Алматыда өтетін супер-финалына жолдаманы жеңіп алды.

«Вокал» аталымының 8-10 жас аралығындағы қатысушылары арасында Сұлтан және Бейбарыс Ғарифуллиевтер жүлделі І орынды жеңіп алып, көрермен қошеметіне бөленді.

FB_IMG_1639981279450

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Бала дауысы» байқауында керемет өнер көрсетіп, «Көрермен көзайымы» атанған Санжар Дәукенов бұл байқауда да өз мықтылығын дәлелдеді. Санжар «Вокал» аталымының 11-13 жас аралығындағы қатысушылары ішінде үздік болып, ару Алматыда өтетін байқаудың супер-финалына баратын болды.

Теректілік өрендерді байқауға дайындаған үлгілі “Өркен” балалар вокалды ансамблі жетекшісі Гүлназ Құсайынова ұйымдастырушылар атынан алғысхатқа ие болды.

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале