21.12.2021, 15:50
Оқылды: 42

ДДCҰ омикрон басқа штамдарға қарағанда тез таралатынын растады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың жаңа омикрон штамы басқа штамдарға қарағанда тез таралатынын ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

photo_91444

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус омикрон вакцинацияланған адамдарға да жұғатынын айтты.

"Қазір омикронның дельтаға қарағанда әлдеқайда жылдам тарайтыны туралы нақты дәлелдер бар және бұл штамды вакцинацияланған немесе сауығып кеткен адамдар да қайта жұқтыруы мүмкін", - деді Гебрейесус.

Брифингте сөйлеген ДДСҰ басшысы, адамдарды алдағы мерекелерде адам көп жерлерге бармауға, алға қойған кейбір жоспарларынан бас тартуға шақырды.

"Бәріміз осы пандемиядан шаршадық. Барлығымыз достарымызбен және отбасымызбен уақыт өткізіп, қалыпты өмірге тезірек оралғымыз келеді. Ал қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адам көп жиналатын жерлерге бармау, вакцина салдыру", - деді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының айтуынша, келесі жылдың ортасына дейін әлемнің әрбір еліндегі халықтың 70 пайызын вакцинациялау арқылы 2022 жылы пандемияны тоқтатуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале