21.12.2021, 16:50
Оқылды: 20

АҚШ-та коронавирустың омикрон штамынан алғашқы өлім тіркелді

Америка құрама штаттарында коронавирустың омикрон штамын жұқтыру салдарынан болған алғашқы өлім оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат АВС телеарнасының ақпаратқа сілтеме жасап.

211221111456219e

Телеарна мәліметінше, қайтыс болған пациент – Харрис округінің тұрғыны, 50 жас шамасындағы ер адам екпе салдыртқан жоқ және денсаулығына байланысты проблемалары болған. Дүйсенбі күні АҚШ елінің Ауруларды қадағалау және алдын алу жөніндегі федералдық орталықтары коронавирустың омикрон нұсқасының АҚШ-та басым болғанын мәлім етті. Өткен апта ішінде жиналған мәліметке сәйкес, ол вирус жұқтырғандардың 75 пайыздан астамынан анықталған. Елдің бірқатар штаттарында, соның ішінде оңтүстік-шығысы мен солтүстік-батыста омикрон штамын жұқтырғандар үлесі 90 пайыздан асып отыр. Джонс Хопкинс университетінің бағалауынша, АҚШ-та індет жұқтыруғандар саны 51 млн адамға жеткен, 807, 5 мың адам қайтыс болды. Бұл ретте соңғы төрт аптада қауіпті вирусты 3 млн астам адам жұқтырып, 34,3 мыңнан астамы одан көз жұмды. АҚШ осы екі көрсеткіш жағынан әлемде бірінші орын алып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале