23.12.2021, 10:30
Оқылды: 37

Еуроодақ елдері COVID-19 вирусына қарсы 1 млрд. қауіпсіздік сертификатын шығарды

Еуропалық Одаққа мүше 27 ел коронавирусқа қарсы жалпы алғанда 1 млрд.-тан астам цифрлық қауіпсіздік сертификатын шығарды. Бұл санды Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211223094056379e

«Еуропалық Одақ сертификаты – 60 ел мен аймақты қамтитын әлемдік стандарт. Бұл ЕО және оның сыртында қауіпсіз саяхаттауға мүмкіндік береді», - деді У.Ляйен Twitter желісі арқылы. Сейсенбі күні Еурокомиссия Covid-19 вирусына қарсы вакцинаның цифрлық сертификаты 270 күнге (9 ай) жарамды болатынын қарастыратын ережелерді бекітті. Қатысушы елдер ковид-сертификаттары иелерінің бүкіл Одақ аумағында еркін саяхаттауы үшін бұған ыңғайлануы тиіс. Сертифкат жарамдылығының мерзімі Еуропаның Аурулардың алдын алу және қадағалау орталығы ұсынған кеңестер негізінде орнатылған. Адам COVID-19 вирусын қарсы вакциналаудың бастапқы курсы аяқталғаннан кейін алты ай өткен соң вакцинаның бустерлік дозасын алуы тиіс. Бұл мерзімге тағы үш ай қосылған. Жаңа тәртіп 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді. 9 айлық мерзім соңғы дозаны алғаннан бастап есептеледі. Цифрлық ковид-сертификатының тоғыз айлық мерзімі қатардағы еуропалықтарға саяхаттай алатынына сенімді болуына арналған. Қазіргі кезде ЕО-ға мүше елдердің міндеті – адамдарға вакцинаның «бустерлік» дозасын алу мүмкіндігін жедел қамтамасыз ету. Цифрлық қауіпсіздік сертификаты – адам коронавирусқа қарсы екпе алғанын, аурудан жазылғанын немесе ПТР теріс нәтижесін көрсететін құжат.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале