24.12.2021, 12:00
Оқылды: 57

Білікті бапкерді еске алды

Шыңғырлау ауданында 15-17 желтоқсан күндері аралығында өткен білікті бапкер Сырымов Қази Серғалиұлын еске алуға арналған грек-рим күресінен облыстық турнир қатысушыларына тарихи-өлкетану музейі, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесе отырып "Жақсы аты қалған жаттықтырушы" атты еске алу сағатын өткізді.

24

Шара барысында Қази Серғалиұлының өмір жолы туралы айтылып, бейнебаян көрсетілді. Музейіміздің қадірлі қонағы болған Қази ағамыздың жолдасы Танзиля апай және қызы ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

23

Актөбе облысы, Орал, Ақсай қалаларынан, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарынан келген балаларға Шыңғырлау ауданының спортшылары туралы баяндалды. Назарларына жерлес спорт шеберлеріне арналған көрме ұсынылды, экскурсия жүргізілді.

Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале