24.12.2021, 12:15
Оқылды: 108

Тарихи жетістікке бәйтеректік спортшы өз үлесін қосты

Белорусия астанасында таэквондодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты және кубогі сайыстары өтті. Бәсі биік додаға әлемнің 42 елінен келген 450 спортшы қатысты.

26

Қорытындысында 9 алтын, 8 күміс 14 қола еншілеген қазақ елінің құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Sports.kz сайтына арнайы сұхбат берген қарағанды облысы таэквондо ІТҒ фелерциясының бас бапкері Валерий Когай бұл еліміз үшін тарихи жетістік екенін атап өтті.

Аталмыш жетістікке өз үлесін бәйтеректік Даниил Рубцов та қосты. Жекелей сында қола, командалық бәсекеде алтын еншілеген трекиндік өрен ел қоржынына екі медаль салды.

27

Бұған дейін Еуропа чемпионатында қарсылас шыдатпаған Даниил болашақта қазақ елінің көк байрағын желбіреткен даңқты спортшы болуды армандайтынын да жасырмады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале