Кеше Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында футзалдан Батыс Қазақстан облысы әкімінің ауыспалы Кубогының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің командасы; ІІ орынды БҚО Шекара қызметі департаментінің командасы; І орынды БҚО полиция департаментінің командасы өзара бөлісті.