«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 игі қайырымдылық іс» марафоны аясында «Орал» шекара бөлімшесінің сарбаздары Дариян ауылында тұратын жалғызбасты ана Ольга Зауличная мен әжесінің қамқорлығында тәрбиеленіп отырған, ата-анасынан ерте айрылған Богдан Степановтың үйіне арнайы барып, жаңа жыл мерекесімен құттықтап, азық-түлік себетін тарту етті.
-Қайырымдылық жасау біздің рухани дүниемізді жақсартып қана қоймай, сонымен бірге қоғамды да жақсы жағына қарай өзгертеді. Жылына бір келетін мерекеге орай мұқтаж жандарға көмек көрсетуді қолға алдық,- дейді «Орал» шекара бөлімшесі басшысының орынбасары Арлан Әбдіхалық.
Гүлжан Аязбаева
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz