ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.
Оған сәйкес, 25 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 3 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтқан.
Қарағанды, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.