27.12.2021, 16:30
Оқылды: 44

Нью-Делиде коронавирустың өршуіне байланысты комендант сағаты енгізілді

Құрамына Нью-Дели де кіретін Үндінің Дели ұлттық астаналық округінің билігі коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты 27 желтоқсаннан бастап түнгі уақытта коменданттық сағат енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат India TV-ге сілтеме жасап.

211226233325929e

Мәліметке сай, коменданттық сағат күн сайын 23:00-ден келесі күнгі 05:00-ге дейін созылмақ. Ел астанасында өткен тәулікте 290 адамнан коронавирус инфекция анықталды, бір адам осы дерттен көз жұмды, 96 адам жазылды. Соңғы күндері агломерацияда ауырған адам саны жазылғандардан асып түсіп отыр. Оның үстіне Дели омикрон штамы көп тараған қала. Бұнда 79 адамнан осы штамм анықталған, бұл елдегі Махараштра (108 жағдай) штатынан кейінгі екінші көрсеткіш. Барлығы Үндістанда 422 адамнан омикрон штамы анықталған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале