27.12.2021, 15:00
Оқылды: 24

Жапонияда мектепке қабылданар кезде баланың жынысы сұралмайды

Жапонияның Токиодан басқа 47 префектурасының мектеп әкімшілігі оқуға қабылдауға өтініш жазғанда баланың жынысын көрсетпеуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Japan Today басылымына сілтеме жасап.

photo_91703

Жергілікті білім беру кеңесі мәліметінше, Жапонияның мемлекеттік орта мектептеріне құжат тапсыратын оқушыларына 2022 жылдың көктемінен бастап өтініш бланкісінде жынысын көрсету талап етілмейді.

Бұл шешім трансгендерлер үшін қабылданғаны айтылды, олардың көпшілігі жынысты көрсету қажет екеніне байланысты психологиялық стресске ұшырауы мүмкін.

Токио қалалық білім беру кеңесі гендерлік сәйкестікті сақтайтын жалғыз орган болды, өйткені ол күндізгі жалпы білім беретін мектептер үшін гендерлік квота жүйесін белгіледі.

"Жынысты белгілеуді алып тастау трансгендер оқушыларды биологиялық жынысынан басқа жынысты жазудан құтқарады, бұл өз кезегінде гендерлік кемсітуді жоюға көмектеседі", - деді Мамета Эндо, Ницизу жыныстық азшылықтарды қолдау тобының өкілі.

Ямагата, Точиги, Гунма, Чиба және Шизуока өңірлері 2022 жылы оқушыларды қабылдаған кезде осы бөлімді алып тастау туралы шешім қабылдады.

Өз шешімін Точиги префектурасының білім беру кеңесі "жыныстық әртүрлілікті құрметтейтінін" айтып түсіндірді, ал Чиба білім беру кеңесі бұл бөлімді жоюда ерекше мәселе көрмейтінін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале