Пәкістанның солтүстік-батысында кеше тұрмыстық газдың таралып кетуінен кем дегенде алты адам көз жұмды. Олардың ішінде үш бала болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, тағы үш адам қатты уланып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының Хангу ауданында болған. Құтқарушылар жергілікті БАҚ өкілдеріне үйдегі адамдар жылыну үшін газ жылытқышын іске қосқандығын мәлім еткен.