31.12.2021, 18:15
Оқылды: 74

Бүлдіршіндер қуанған күн

Жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында әрбір бала ғажайыпты күтеді. Өңірде жылдан-жылға балаларға жақсылық жасайтын жандар саны арта  түсуде. Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында Орал қаласында өткен «Жомарт жүрек – 2021» меценаттар форумында «Тілектер шыршасы» деп аталатын шыршада ойыншықтардың орнына 100 баланың жеке тілектері жазылған қағаздар ілінген болатын. Форумға қатысушы кәсіпкерлер бір-бірлеп шыршаға барып, ілінген қағаздарды оқып, кішкентай балаларымыздың арман-тілектерін орындауға уәде берген еді.

DA11DCDB-CF11-4C7A-B0A7-16CA6DD514DC

Жарқын мереке қарсаңында жомарт жүректі жандар бүлдіршіндерді арнайы құттықтап барып, армандаған сыйлықтарын табыс етуде.

Мәселен "СВС Батыс" ЖШС басшысы Замир Сарсенбаев Казталов мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Байзақ Жансезімге, ал "Топан" ЖШС директоры Ғайса Жұмалиев Жаңақала ауданының №3 ЖОББМ 3-сынып оқушысы Меңдібай Исмаилға өздері армандаған ұялы телефондарын сыйлады.

F627C1FD-7189-457D-8EF0-FD93F5ED8290

Бұл балақайлар өз хаттарында  "Менің арманым өзімнің жеке ұялы телефоным болса екен деймін. Барлық балалар секілді өзімнің телефоным болғанын қалаймын" деп жазған екен.

Сондай-ақ Сырым ауданы, Қособа ауылының мектеп оқушысы Юнус Мәртебенің армандаған смарт сағатын "KCG" ЖШС директоры Мұқамбедиев Мұратбек алып берді. Меценат әперген сыйлықты бүлдіршінге ауыл әкімі Бейімбет Жайманов табыстады.

22D0450C-0F33-44AE-8A12-052D2E035A99

Тілектер шыршасына жазған хатында бүлдіршін  "Арманым әнші болу, алайда өскен сайын тілектерімнің саны арта бастады, қазіргі уақытта басты арманым мұғалім болу. Мектепті жақсы бітіріп, универге түсу және жер бетіндегі адамдардың мейірімді болуы. Ең бастысы қолға тағатын смарт сағат болса қуанар едім" деп жазыпты.

064A0F6C-4AC5-4FDE-964A-F3DE4EEC16AB

Ал  Ержан Хасанов есімді кісіпкер Орал қаласы №10 ЖОББМ 2-сынып оқушысына қысқы шана, ал Бәйтерек ауданының Қ.Аманжолов ат. ЖОББМ 1-сынып оқушысына домбыра сыйлады. Сонымен қатар "Фасад Оптима" ЖШС директоры Арман Шындаров Бәйтерек ауданының Қасым Ахмиров атындағы "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешенінің 4 сынып оқушысы Солодовникова Ульянаға ұялы телефон сыйға тартты.

97523A3F-5945-4C4C-9AE7-11D22AFC7E57

Ал "Казхол" ЖШС Орал қаласы, №17 ЖОББМ, 2-сынып оқушысы Салиева Мунираға қуыршақ, тәттілер, шана, сурет салуға арналған құралдар сыйласа, "Батыс Су Арнасы" ЖШС Орал қаласы, № 30 ЖОББМ, 1-сынып оқушысы Азамат Амирге боксқа арналған груша, сыңары Аминаға қысқы шана сыйға тартты.

E24550D3-169B-4956-971C-BD449990AD9C

61A0BF46-A949-40D1-BC91-46E12821551F

14170AE1-11A9-4B8B-9746-9193EA810DF2

FD81231A-9B60-4058-BE03-07CF5D6CDC7D

78372333-A536-4BD4-A6CC-F770FEAC9676

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале