3.01.2022, 11:20
Оқылды: 25

Қытайдың танымал адамдарына қаржы өнімдерін жарнамалауға тыйым салынбақшы

Қытайдың қаржы нарығын реттеушісі компанияларға интернетте қаржы өнімдерін жарнамалау үшін танымал адамдарды тартуға тыйым салмақшы. Бұл туралы қаржы өнімдерінің онлайн маркетингісін басқару жөніндегі нұсқаулықтың жарияланған жобасында айтылған.

220103100511858a3881086i

Ұсынылған ережеге сәйкес, қаржы мекемелеріне қаржы өнімдерін жарнамалау үшін «қытайлық орындау өнерінің шеберлерін» тартуға тыйым салынады.
Мұндай тыйым косметика, киім-кешек және мобильді телефон жарнамаларына да салынады. Құжат жобасында тікелей эфирлер мен әлеуметтік медиа платформалар арқылы қаржы өнімдерінің онлайн-маркетингісіне қатысатын тұлғалардың қаржы институттарының өзінде жұмыс істеуі және тиісті кәсіби (қаржылық) біліктілікке ие болуы тиіс екендігі баса айтылған.
2021 жылдың қарашасында бағалы қағаздар бойынша Қытай реттеушісі интернет-платформаларға тікелей трансляциялар арқылы акцияларын жарнамалауға тыйым салынған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале