10.01.2022 жылы сағат 00.03 шамасында қала орталығында Мендәлиев көшесіндегі тұрғын үйлердің жанында полиция қызметкерлері 1993 жылы туған екі жас жігітті ұстады. Оларды жеке тексеру барысында бірінен 5,45 калибрлі әскери патрон және пышақ табылып, тәркіленді.
Өзімен бірге олардың жеке куәліктері болмаған. Айтуынша, аталған азамат патронды көшеден тауып алған.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жігіт "трамадолды" қолдану нәтижесінде есірткіге мас болған.
Аталған факті СДТБТ-де тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (оқ-дәрілерді заңсыз сақтау) белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Екінші ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы "төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
БҚО ПД баспасөз қызметі