11.01.2022, 9:21
Оқылды: 100

Азық-түлік тауарларының бағасы бақылауға алынады

Террорлық қауіптің «қызыл» деңгейі және ел бойынша орнатылған төтенше жағдай режимінде ірі сауда орталықтарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасы бақылауға алынады.

2

Бұл шара бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және оның аумақтық департаменттері республиканың барлық аумақтарында ӘМАТ бағасының негізсіз көтеру деректеріне жол бермеу мақсатында жүзеге асып отыр. Соған орай Агенттікпен және БҚО бойынша Департаментімен хабарламаларды қабылдау үшін қауырт желілері құрылғанын хабарлайды.

Бұл ретте, баршаңыздан осы ортақ іске белсенді түрде араласуларыңыз сұралады.

Егерде сіз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз көтеру фактілерін байқаған болсаңыз, мына телефондар арқылы Агенттіктің қауырт желісіне: (87172) 74-96-64, 74-34-01, 74-31-26, 74-90-52 (қоңырау қабылдау Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 9.00. - 18.30), ұялы телефон номері 8705 2312423, 8776 4588885, 8708 8830262, 8701 3696128 (қоңырау қабылдау Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22.00 дейін), немесе БҚО бойынша департаментінің қауырт желісі бойынша: 51-42-81, 24-06-45 телефондары немесе 8 707 361 19 16 ұялы тел. номері бойынша хабарласуларыңыз сұралады.

Өз кезегінде, Агенттік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін және өткізетін нарық субъектілеріне бағаны негізсіз көтерген және бағалық келісімге жол берген жағдайда және өндірісті негізсіз тоқтатқан кезде, сондай-ақ монополиялық жағдайын пайдаланып тауарларды негізсіз жоқ деген (дефицит жасаған ) жағдайда, ҚР ӘБК-ң 159 бабы бойынша монополиялық іс-қимылдың арқасында алған табысы үшін кіші және орты бизнес кәсіпкерлері үшін 3 % айыппұл, ірі бизнес өкілдеріне 5 % айыппұл салынатынын ескертеді.

Осы орайда айта кетсек, Орал қаласындағы сауда үйлері, базарлар, дүкендер, дәріханалар штаттық режимде жұмыс жасайды.

Кешегі күннен бастап Орал қаласындағы №1 және №2 халыққа қызмет көрсету бөлімдері сағат 9:00 мен 18:00 аралығында азаматтарды қабылдайды. Мамандандырылған бөлім уақытша жұмыс істемейді.

Сондай-ақ қаладағы бірқатар екінші деңгейлі банктер жұмыс жасайды. «Қазпошта» АҚ бөлімшелері де бүгіннен бастап азаматтарды қабылдайды.

Төтенше жағдай уақытында Батыс Қазақстан облысының аумағында этил спиртін және алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады. Сонымен қатар көпшілік іс-шараларды соның ішінде отбасылық,  мерейтойлық және басқа да шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған.

Айта кетейік, Орал қаласында 5 қаңтардан бастап сағат 23:00 мен 7:00 аралығында коменданттық сағат енгізілді.

zhaikpress.kz

Фотосурет: bing.com

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале