11.01.2022, 12:00
Оқылды: 22

Үкімет инфляцияны бақылау жөніндегі кешенді іс-шаралар әзірлеуі қажет - Президент

Үкіметке Ұлттық банкпен және Атамекен палатасымен бірлесіп, инфляцияны бақылау жөніндегі кешенді іс-шаралар әзірлеу қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220111121622a3883872d

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында бізжалақымен зейнетақыны бірнеше рет көтердік. Бірақ, әр уақытта бағаның бақылаусыз өсуімен бетпе-бет келеміз. Бірнеше жыл бойы жоғары инфляция экономикамыздың басты проблемасы болып отыр. Ол экономикалық және әлеуметтік саясаттың тиімділігін төмендеді. Бұл мәселеге нүкте қоятын кез келді. Бағаны және халықтың инфляциялық күтулерін тұрақтандыру керек», - деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы инфляцияны төмендетудің жоспарлы жұмысы жүргізілуі тиістігін баса айтты. «Мақсатты дәлізі – 2025 жылға қарай 3-4 пайыз. Үкіметке Ұлттық банкпен және Атамекен палатасымен бірлесіп, инфляцияны бақылау жөніндегі кешенді іс-шаралар әзірлеу қажет. Ол импортқа тәуелділікті, артық делдалдықты төмендету және ақша-кредит саясаты құралдары бойынша іс-шараларды қамтуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале