Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзін 27 республикалық және өңірлік телеарна мен 3 радио тікелей эфирде таратты.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасы арқылы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, бүгін елордада Парламен Мәэілісінің жалпы отырысы өтіп, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимінде қатысты.
Отырыста Мемлекет басшысының ұсынысымен, Мәжіліс депутаттарының қолдауымен ҚР Премьер-Министрі лаузымына Әлихан Смайлов тағайындалды.
Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады.