11.01.2022, 12:19
Оқылды: 60

Президент: Қаржылық-өнеркәсіптік топтардың капиталды шетелге жылыстату тәуекелі артып тұр

Қаржылық-өнеркәсіптік топтардың капиталды шетелге жылыстату тәуекелі артып тұр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

210811094912132e

«Келесі мәселеге жекелей назар аударғым келеді. Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты жекелеген қаржылық-өнеркәсіптік топтардың капиталды шетелге, оның ішінде жалған мәмілелер жасау жолы арқылы жылыстату тәуекелі артып тұр. Біз қазірдің өзінде жекелеген тұлғалардың есепшоттарындағы қозғалысын тіркедік. Сондықтан да Ұлттық банкке Қаржылық мониторинг және қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, нақты бақылауды қамтамасыз етуді, барлық транзакциялар мен елден қаражатты негізсіз шығарған тұлғаларды тексеруді және бақылауға алуды тапсырамын», - деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале