ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сөз сөйлеуімнің экономикалық блогын түйіндей келе, бүгін біз жаңа Премьер-Министрді тағайындағанымызды атап өткім келеді. Бірқатар нақты тапсырма жүктелді. Премьер-Министрге үш аптаның ішінде Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Оны ақпан айының басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарайтын боламыз», - деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.