12.01.2022, 11:30
Оқылды: 51

Ажар Ғиният еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220112111840867e

«Министрлік коронавирустың «Омикрон» түрінің анықталғанын ескере отырып, коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады. Оптимистік сценарий кезінде: ревакцинациямен 100 пайызға дейін қамтылғанда, профилактика шараларын жаппай сақтағанда тәулігіне 17,5 мың 17,5 жағдайға дейін тіркеледі», - деді Ажар Ғиният.

Оның атап өтуінше, реалистік сценарийге сәйкес ревакцинациямен 70 пайыздан аз қамтылғанда, профилактика шараларын ішінара сақтағанда тәулігіне 25,5 мың жағдайға дейін тіркеледі.

«Пессимистік сценарий кезінде – ревакцинациямен 40 пайыздан аз қамтылғанда, профилактика шараларын сақтамағанда тәулігіне 40 мыңға дейін жағдай тіркеледі», - деді ол.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале