29.03.2016, 18:32
Оқылды: 25

Жәнібек ауылы тұрғындарының жиналысы өтті

????????????????????????????????????

    Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде Жәнібек ауылы тұрғындары өкілдерінің  жиналысы оздырылып, оған мәслихат депутаттары, мекеме, ұйым басшылары қатысты.


Жиында биыл бірінші тоқсанда учаскелік полиция инспекторының атқарған жұмысы жөнінде Жәнібек ауылдық округі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Боздақ Хасенов, ауылдың санитариялық-экологиялық тазалығы туралы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы Асылхан Әлібеков және Жәнібек ауылы бойынша маусымдық мал бағуды ұйымдастыру жайында Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Миранбек Ибатов хабарламалар жасады. Ауыл өкілдері жиынында жекенің малын бағуды ұйымдастыру, мал ұрлығының алдын алу, көшедегі қаңғыбас иттердің көзін құрту және тағы да басқа көпшілік тарапынан түскен сауалдарға аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуаналиев пен Жәнібек ауылдық округінің әкімі Мұстахим Қабдысалиев нақты жауаптар қайтарды.

 www.zhaikpress.kz

                                                                                                          Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале