13.01.2022, 12:50
Оқылды: 83

Сенатор апаттық жағдайдағы тұрғын үй иелеріне жалдамалы жаңа баспананы кейін сатып алу мүмкіндігін беруді ұсынды

ҚР Парламенті Сенаты депутаты Нариман Төреғалиев апаттық жағдайдағы тұрғын үй иелеріне жалдамалы жаңа баспананы кейін сатып алу мүмкіндігін беруді ұсынып, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11

Сенатор Нариман Төреғалиев депутаттық сауалында Мемлекет Басшысы Үкіметтің алдына нақты өңірлік проблемаларды шешуге бағытталған міндеттерді жүктегенін еске салды. Ол, сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында бірнеше жыл бойы апатты жағдайда тұрған үйлердің мәселесі шешілмей, баспана иелері дағдарып отырғанын атады. Нариман Төреғалиев сол тұрғындардың құқықтарын қорғау үшін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Оның мәліметіне қарағанда, қолданыстағы заң бойынша, апаттық жағдайдағы, бірақ меншік тұрғын үйден шығарылған жағдайда, оның иелері тек жалға берілетін жаңа пәтерлерге кіре алады.

Депутат халыққа апаттық жағдайда болса да, өз меншігіндегі үйден айырылмау маңызды екенін айтады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үйде біршама уақыт тұрғаннан кейін оларға коммуналдық пәтерлерді қалдық құны бойынша жекешелендірудің немесе сатып алудың құқығы берілуі керек деп есептейді.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, тұрғындар коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алғандықтан, олардың меншік құқығындағы авариялық тұрғынжайлары коммуналдық меншікке қабылданды. Осылайша бір мезетте азаматтар жалғыз баспаналарынан айырылып, жалдамалы пәтерлерге ауыстырылды. Тұрғындардың басым көпшілігі аз қамтылған азаматтар екендігін атап өткен жөн. Үйлерін жеке меншікке беру бойынша тұрғындар өз тарапынан, облыс, қала әкімдерінің атына хат жолдап, мәселені Сенат депутаттарының алдында да көтерген болатын. Осы ретте, көтеріліп отырған мәселе тек Батыс Қазақстан облысының проблемасы емес, еліміздің барлық өңірлеріне де қатысы бар», - деді сенатор.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале