ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы, жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы.
Айта кетейік, кеше, 14 қаңтарда Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта тұрған болатын.