Бұл "омикрон-штаммның" айналымға шығуына байланысты, деп хабарлайды ӨР СІМ баспасөз қызметі.
Елге әуе тасымалы арқылы жететін азаматтарға ерекше артықшылық жасалған, яғни бұл тыйымның оларға қатысы жоқ.
Сондай-ақ елге мынандай жағдайда кіруге рұқсат етіледі:
- үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлеріне;
- жүктерді халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге;
- ресми (үкіметтік) делегациялардың құрамында болатын адамдарға;
- дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне;
- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Өзбекстан Республикасы объектілерінің, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы объектілерінің қызмет көрсетуші персоналдарына;
- осы мемлекеттерде инвестициялық жобалар шеңберінде жұмыс істейтін Өзбекстан, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына;
- Өзбекстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Өзбекстан Республикасының азаматтарына.
Толық тізіммен мына арадан танысуға болады.
Дереккөз: zakon.kz