Орал қаласында қос қабатты сауна өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 16 қаңтар күні Ларин көшесі 38/2 мекенжайында болды. Сағат 20.49-да «Жаным» саунасының екінші қабатында ғимараттың төбесі отқа оранды. Аумағы 60 шаршы метрді қамтыған «тілсіз жау» 21.58-де оқшауланып, 22.22-де оқшауланды.
Қазіргі кезде келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде. Өртті сөндіруге 29 қызметкер, 9 техника жұмылдырылды.