17.01.2022, 12:50
Оқылды: 30

ХҚО қызметкерін үйге қалай шақыруға болады?

Егер адам денсаулығына байланысты мемлекеттік қызмет алу үшін ХҚО-ға бара алмаса, ХҚО қызметкерлерін үйге шақыруға болады. Бұл қызметтің түрін І және ІІ топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ерекше қажеттіліктері бар балалар пайдалана алады.

22194EF6-B4E8-40D5-A64E-79F9C72331B3

ХҚО қызметкерін үйге шақыру үшін клиент немесе оның қамқоршысы 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, осы қызметке өтініш қалдыруы керек.

Осыдан кейін ХҚО қызметкерлері өтініш берушімен байланысып, барлық қажетті құжаттардың бар-жоғын анықтайды және келу күні мен уақытын белгілейді. Өтінімді алғаннан кейін ХҚО операторлары жеті жұмыс күні ішінде клиентке хабарласуы тиіс.

Біздің қызметкерлер пандемия кезінде де барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтап, клиенттердің үйлеріне барып мемлекеттік қызмет көрсетті.

2021 жылы ХҚО қызметкерін үйіне шақыру қызметі арқылы батысқазақстандықтарға 2000-нан астам қызмет көрсетілді. Оның ішінде төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру, мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттар дайындау мемлекеттік қызметтері жоғары сұранысқа ие.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғаларға да ақылы негізде қызмет көрсететін «дербес менеджер» сервисі бар. Келісімшартқа отыру арқылы клиент мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету бөліміне келмей-ақ ала алады. Біздің маман клиенттің үйіне немесе кеңсесіне барып, қажетті құжаттарын дайындап береді. Қосымша ақпарат алу үшін ХҚО-ның кез келген бөлімінде жұмыс жасайтын дербес менеджерге жолығуы қажет.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале