19.01.2022, 16:00
Оқылды: 62

Әскерден жеткен «Алғысхат»

Елдегі бүлік кезінде бұра тартпай, қақтығыста қаскөйлерге қарсы тұра білген сарбаздар бүгінде халық ықыласына бөленуде. Олардың ішінде дүрбелең кезінде ерлік көрсетіп, жарақат алған Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жәнібектік Диас Мирұлы да бар.

11

Осы орайда Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев сарбаздың Тау ауылындағы тұратын ата-анасы Мир Саматұлы мен Кенжеғаным Зубулхарқызының шаңырағына арнайы барып, ҚР Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің командирі М. Наукеевтің алғысхатын табыстады. Алғысхатта Диастың Отан алдындағы борышын мүлтіксіз атқарып, қойылған талаптар мен тапсырмаларды бұлжытпай орындап жүргені айтылған. Аудан басшысы ата-анасына елінің патриот азаматын тәрбиелегені үшін алғыс айтып, отбасына амандық, береке тіледі.

Ә. Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале