20.01.2022, 10:00
Оқылды: 56

Жаңа мектеп жарқын болашаққа бастайды

Кеше облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен мектеп құрылысы мәселелері жөніндегі кеңес өтті. Кеңесте облыс орталығы Орал қаласы мен Теректі, Сырым, Бөрлі аудандарында мектеп салуға инвесторлар тарту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. 

cab46569-c733-4b85-94a8-c6221094fec7

Еліміздегі орта білім беру жүйесіндегі өткір проблемалардың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Осы мәселені шешу үшін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа жолдауында 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды міндеттеген болатын.

454d397f-9ccd-4921-b641-ecf8c04c150b

– Бүгінгі күні облыста үш ауысымда оқытатын 4 мектеп (Орал қаласындағы №18 негізгі мектеп, Х. Доспанова атындағы №30 ЖОББМ, Подстепное ауылындағы қазақ мектебі, Ақсай қаласындағы №7 ЖОББМ) және 6 апатты жағдайдағы (Казталов ауданының орталығындағы А. Оразбаева атындағы орта мектеп, А. Хұсайынов атындағы орта мектеп, Сарықұдық негізгі мектебі, Қоныс орта мектебі, Ақжайық ауданындағы М. Өтемісов атындағы орта мектеп, Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы №1 орта мектеп) мектеп бар. Қазіргі таңда облысымызға 76 мектеп қажет. 62 мектепті ауылдық елді мекендерде салу керек болса, 14 мектепті Орал қаласы мен Ақсай қаласында тұрғызған жөн. Оқушы орнының тапшылығы, әсіресе, Орал қаласында күрделі мәселеге айналып отыр, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.

37d6a4c1-b04a-4ab5-af86-f2b9bca98a77

Өз кезегінде «AQJAYIQ» ӘКК төрағасының орынбасары Дәурен Сүгірбаев, «Абай мектептері» қоғамдық қорының менеджері Берік Ракушев, «BAZIS-A» ЖШС инвест жобалар бойынша басқарушы директоры Александр Колесников, «Каз-Хол» ЖШС бас директоры Есенжан Шонаев және басқа жеке кәсіпкерлер ұсыныстарын ортаға салып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін жаңа технологиямен жабдықталған мектептердің көптеп салынуы керек екенін айтты.

7e10b028-bce4-4a21-b816-3014a66643f6

468ff58d-5895-48f8-a4c3-35e3b1d1cf3f

7981c74c-7209-44c1-8954-a26dedd217c7

– Кеңеске қатысқан «AQJAYIQ» ӘКК төрағасы, білім, құрылыс басқармаларының, білім беру бөлімінің басшылары және кәсіпкерлер жұмыла жұмыс атқарып, білім ошақтарын салуға инвесторлар тартуда белсенділік танытуы керек. Мектеп құрылысы мәселелерін шешу мақсатында айтылған пікірлер мен ұсыныстар оң нәтижесін беретініне сенемін. Биыл облыста кем дегенде 4 жаңа мектеп салынуы тиіс, – дей келе Ғали Нәжімеденұлы оқушылар орны тапшылығын жою бойынша кешенді шаралар жоспарын бекітуді тапсырды.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале