Білім беру ұйымдарының жұмыс алгоритмі мынадай болады:
- Мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар) балаларды ата-аналарының өтініші бойынша қабылдайды.
- 600 балаға дейін оқушысы бар жалпы білім беретін мектептер толыққанды офлайн оқиды.
- 600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту кезінде оқушылар саны 50%-дан аспауы тиіс. Бұл жағдайда БҒМ 1-4-сынып оқушыларын олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі форматта оқытуды ұсынады. Себебі бастауыш сынып балаларына қашықтан білім алу қиынға соғады.
5-11-сынып оқушыларына келер болсақ, мектеп әкімшіліктеріне балаларды штатты форматта оқыту, кейбір пәндер бойынша сабақтарды қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы ата-аналардың өтінішін ескеру ұсынылады.
Мектептерден тыс ұйымдардағы оқу:
Жеке сабақтар толыққанды офлайн форматта өтсе, 15 адамға дейінгі топтық сабақтар штаттық режимде ұйымдастырылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарда) жеке сабақтар мен 8 адамға дейінгі топтық сабақтар штаттық режимде жүргізіледі.
Еліміздің колледждері мен ЖОО-ларында оқу аралас форматта өтеді. Практикалық, лабораториялық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе штаттық режимде, дәрістер онлайн форматта өтеді.