Бүгін Жәнібек ауданы орталығында «Аяжан» сауда үйі ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысып, жеке кәсіпкер Айболат Аяпов пен оның ұжымын құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жеке кәсіпкер Айболат Өтенұлының бастамасымен салынған «Аяжан» сауда үйінде тұрмысқа қажетті заттар, жиһаздар, азық-түлік, сонымен қатар құрылыс материалдары тұтынушыларға ұсынылған. Кәсіпкердің айтуынша, ол әзірге 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Заман талабына сай жабдықталған жаңа нысанда азық-түлікпен қатар «ЖәнібекТрансСервис» ЖШС-інің цехында жасалған жиһаздар да сатылымға шығарылады. Сонымен қатар, сауда үйінен сатып алынған тұрмыстық техника мен жиһаздарды жеткізу, оны құрастыру қызметі де қарастырылған.
Мәдина Сағындық,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz