Шыңғырлау өлкесінің табиғаты ерекше. Жылдың қандай мезгілінде де саф ауасымен, жанға жайлы табиғатымен талайды тамсандырады.
Бүгін аудандық Спорт клубы мен Туризм және экология орталығы Қонақай көлі маңында қысқы демалыс ұйымдастырды. Салауатты өмір салтын ұстанған шыңғырлаулықтар шаңғы теуіп, мұз айдында сырғанап демалыстарын жақсы өткізді.
Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сазды әуен төгілтіп, демалушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Анар Ізмұхан
Шыңғырлау ауданы