Бәйтерек ауданындағы Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушісі, мүмкіндігі шектеулі Кристина Рассейкина өткен жылы желтоқсан айында Аяз атаға хат жолдап, спорттық велосипедті армандайтынын жазыпты.
Мерекелік қарбаласпен жүргенде Кристинаның арманы "ұмыт" қалыпты. Десе де бүлдіршіннің хаты жауапсыз қалмады. Содан кеше ғана хат табылды. Ал жанашыр жандар бүлдіршіннің хатын қажетті орынға жеткізіпті. Енді Кристинаның арманы орындалды.
Өзінің жеке велосипеді болғанын армандап жүрген қамкөңіл жанға "Қажығалиева" шаруа қожалығының атынан Нүркен Хайруллин есімді атымтай азамат тамаша сый жасады.
Арал Болпышұлы
Бәйтерек ауданы