26.01.2022, 10:05
Оқылды: 61

«Go sauda» - отандық жоба

Елімізде электронды сауда қарқынды дамып келеді. Сатушы мен тұтынушыны делдалсыз байланыстыратын онлайн сауда алаңдары аз емес. Алайда олардың барлығы дерлік  өзге мемлекеттерде  құрастырылып, тек «kz» доменімен қазақстандық нарыққа енген. Сол себепті табыстың дені, салықтан түскен пайдалар  шетелге  кетіп жатыр. Айта кетсек, «OLX» компаниясының штаб-пәтері Буэнос-Айресте (Аргентина) орналасса, AliЕxpress әлемдік онлайн сауда алаңы Қытайда, «InDriver» сервисі Саха Республикасының Якутск қаласында құрастырылған. Осыған орай қазақ жігіттері 2017 жылы отандық «Go sauda» онлайн сауда сервисін құрастырған. Аталмыш платформа қазір  Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан мемлекеттерінде заңды түрде тіркеліп, ТМД елдері бойынша жұмыс жасауда. Сауда сервисінің өзге желілерден артықшылығы мен тиімділігін білу мақсатында «Go sauda»-ның Батыс өңірлік директорлары Бекзат Сәбитов және Болат Әбдуалиевпен аз-кем тілдескен едік. 

IMG-20220126-WA0011

«Go sauda» қалай құрылды?

- «Go sauda» компаниясы 2017 жылы құрылды. Идея авторлары – қарағандылық Жандос  Әшірбеков пен Думан Игенов.  Олар негізі Қарағанды облысында ет сатумен айналысқан. Екеуі келісіп мал, ет сататын «Соғым» атауымен онлайн платформа ашқысы келеді. Бұл жақсы идея болғанмен, атауы айтқандай, маусымдық шаруа ғана шешілетініне көздері жетеді. Осылайша, барлық саладағы сауда-саттықты қамтитын сауда алаңын  құруға бел буады. Әр облыс бойынша  IT саладан, сауда платформаларынан хабары бар жігіттерді жинайды. Компанияны құру үшін кем дегенде 250 мың доллар керек болатын. Бұл көлемді қаржыны табу үшін  инвестор тарту қажет. Біраз уақыттан соң  IT жобаға  Ресей мен Сингапурдан инвесторлар табылады. Бірақ олар табыстың 50 пайызын бергенде ғана келісетінін айтты. Бұл компания үшін тиімді болмайды. Ақылдаса келе, «Go sauda» компаниясының 40 пайыз үлесін қазақ-стандық нарыққа саттыққа шығарды. Тиімділігін, табыс табуға болатынын түсінген кәсіпкерлер компанияның үлесін сатып ала бастады. «Go sauda»-ның тиімділігі сол, тұтынушы мен сатушының арасында делдал болмайды. Сол себепті тауарлар төмен бағада сатылуда.  Екіншіден, сатып алушы қолындағы қаражатын  ұсына алады және сатушы мен сатып алушы тікелей бір-бірімен байланыса алады.  Мысалы, сіз «Мекемеге 50 мың теңгеден 10 компью-тер сатып аламын» деп хабарландыру бердіңіз делік. Сол кезде тауар өндіруші 70 мың теңгеден сатып жатқан компьютерін сізге «50 мың теңгеден беремін» деп хабарласа алады. Болашақта бұл сервис Түркияда да жүзеге асады. Яғни сіз Орал қаласында тұрып, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан Республикаларындағы тауар өндірушілермен тікелей байланыса аласыз, делдалсыз тапсырыс бере аласыз. Қазақстандық кәсіпкерлер де тауарын экспортқа шығаруға мүмкіндігі болады. Осы платформаны болашақта әлем бойынша сауда-саттық алаңына айналдыру үшін жұмыстанудамыз, – дейді Болат Сәдуақасұлы.

Артықшылығы неде?

Бекзат Сәбитұлының айтуынша, «Go sauda» платформасын  iOS және Android мобильді операциялық жүйедегі Play Market, AppStore қосымшаларынан жүктеуге болады. Сервистен әр түрлі санаттар бойынша іздегеніңізді таба аласыз. Мысалы, жылжымайтын мүлік, құрылыс, сән және стиль, транспорт, жұмыс, балалар әлемі, электроника, тұрғын үй мен кеңсе үшін, жануарлар әлемі, қызмет көрсету саласы, сұлулық пен денсаулық секілді бөлімдері бар. Басқа интернет-сайттардан айырмашылығы, мұнда бірден екі режім ұсынылады: сатушы мен сатып алушы. Тұтынушы өз бетінше хабарландыру-сұрау жасай алады. Мысалы, егер ол белгілі бір ныспылы аутокөлікті  сатып алғысы келсе, онда оның сұранысы қосымшада тіркелген барлық мүдделі сатушыларға жіберіледі. Немесе керісінше, ол аутокөлікті  сататыны туралы хабарландыру орналастырады. Сол кезде көлік сатып алғысы келетіндерге хабарлама барады. Яғни платформада сатушы мен сатып алушыны аутоматты түрде байланыстыратын алгоритм жасақталған. Бұл тауарларды сату үрдісін жеңілдетеді және жылдамдатады. Сондай-ақ Бекзат Сәбитұлының айтуынша, сатып алатын тауарыңыз туралы қосымша ақпарат білгіңіз келсе, тауар ұсынушының жарнама орналастырылған  Instagram парақшасына немесе YouTube арнасына қоса аласыз. Жарнамаңызды WhatsApp арқылы да бөлісуге болады. Егер сіздің жарнамаңызды оқығаннан кейін «Go sauda» сайтына жаңа қолданушы  тіркелсе, онда 200 бірлік виртуалды ақша сіздің балансыңызға түседі. Бірақ ол ақшаны  қолма-қол ала алмайсыз, оларды платформа ішінде төлем ретінде пайдалануға болады. Мысалы, алғашқы 100 жарнаманы тегін жариялауға мүмкіндігіңіз болады.

IMG-20220126-WA0012

Үлескер  болып  үлгеріңіз!

«Go Sauda» сервисі бір жылдан астам уақыт ішінде (2020-2021 ж.ж.) Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан нарығына енген. Бұл өз кезегінде қазақстандық компанияның табысын ғана емес, сондай-ақ елдегі шағын және орта бизнестің халық-аралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беруде.

– Пандемия кезінде азаматтардың көпшілігі интернет кеңістікке көшті. Соған байланысты интернет компаниялардың  кіріс табысы едәуір артты. IT-компаниялар әлемдік көшбасшы зауыт-фабрикаларды  ығыстырып жатқанын мойындауымыз керек. «Go Sauda» онлайн сауда алаңы да қарқынды дамып келеді. Мен 2017 жылы осы компанияның ашылғаны туралы естідім. Ол кезде «Медиум» пакетті 75 000 теңгеге ұсынғанда алмаған едім. Одан кейін зерттеп, тексеріп, сервистің болашағына сенгеннен кейін, яғни 2019 жылы компанияның үлесін сатып алғым келді.  Бағасы  175 000 теңге болып кеткен. Өйткені платформа Play Market қосымшасына енгізілген екен. Содан үлесін сатып алдым. Сол кездегі 75 мың теңгеге сатылған үлес бүгінде компанияның өсіп-өркендеуіне байланысты 585 мың теңгеден сатылуда. Айта кетсек, Бастапқы «Start» пакет – 341 мың 250 теңге, «Medium» пакет – 585 мың теңге, одан кейінгі «Premium» пакет 1 023 000 теңге болса, «Large» пакет 1 287 000 теңгені құрайды. Бүгінде «Go Sauda» компаниясының сатылымға шығарған 40 пайыз үлесінен 5 пайызы ғана қалды. Сол үлесті сатып алатын қазақстандық инвесторлар қажет. Тиімділігіне тоқталсақ, біріншіден, компания дамыған сайын табыс табасыз және үлесіңізді мұраға қалдыра аласыз. Екіншіден, бұл отандық бизнес болғандықтан, табыс пен салық Қазақстанда қалады. Үшіншіден, еліміздегі шағын және орта бизнес делдалсыз дамиды, – дейді Бекзат Сәбитұлы.

Отандық IT нарығы дамып, «Go Sauda» әлемдік сауда алаңына айналар уақыт  та таяу  деп  топшыладық.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале