Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Атамекен «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінде» мұғалімнің АКТ құзыреттілігі мен сауаттылығын арттыру мақсатында «Online.Test.Pad» платформасын үйрену және сабақта қолдану» тақырыбында информатика пән мұғалімі Алтынбек Құбаев семинар – коучинг өткізді.
Қазіргі таңда мұғалімнің АКТ сауаттылығы мен АКТ құзіреттілігі маңызды әрі мұғалімнің біліктілігінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Семинар барысында пән мұғалімі Алтынбек Жанатұлы семинар қатысушыларына «Online.Test.Pad» платформасы туралы таныстырылым жасап оны түсіндіріп өтті. Және оны тәжіриебеде жүзеге асырды. Сонымен қатар пән мұғалімі білім беру үдерінде АКТ қажеттілігі мен мүмкіндіктерін және оқу процесінде тиімді қолдануды ұйымдастырудың жетілдіру жолдарының қажеттілін атап өтті. Алдағы уақытта осындай заманауи білім беру үдерінде техналогияларды белсенді әрі тиімді қолдану өз жалғасын табады деген ойдамын.
Бақыт Жұмағұл,
Тасқала ауданы
«Атамекен «мектеп-бөбекжай-
балабақша» кешені» директорының
оқу ісінің орынбасары